«Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі!» Виктория Боняның қай қылығы түрік журналистерінің ашуына тиді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Модель, актриса әрі тележүргізуші ретінде танылып үлгерген Виктория Боняның басы дауға қалды! Сылқым, Бурак Озчивиттің инстаграм парақшасына пікір қалдырған көрінеді. Сүйікті жұлдыздарының отбасылық өміріне елеңдеулі түрік журналистері, енді Викторияға бір сәт те тыныштық берер емес!

Желідегі жанжал - ресейлік жұлдыздың түрік актерының суретіне лүпіл басып, «стильді» деп қалдырған пікірінен басталған. Виктория Боняның, бұл қылығын байқаған Бурак Озчивит пен жұбайы Фахриенің жанкүйерлері, бірден сылқымға жағымсыз жазбалармен шабуылға кіріскен...

Табынушылардың пікірінше, ресейлік модель түркияның таңдаулы жұбын айырмақ ниетте. Тыныштықты ұмытқан Виктория, әлеуметтік желіде мән-жайды түсіндіріп, арнайы жазба қалдыруына тура келген. Ал, Бурак болса сылқымды жеке парақшасында бұғаттап тастапты.

Ал, Тейлор Свифт сүйіктісіне ән арнады. Өнерпаз «Reputation» деп аталатын жинағының үшінші синглын өз тыңдарманына паш еткен. Зерделі жанкүйерлері, оның жаңа музыкалық туындысынан, ғашығы Джо Элвинге қатысты сөздерді бірден байқапты.

Жалғызбын! Светлана Лобода әлеуметтік желіде жеке өмірі туралы дәл осылай ашып айтты. Өнерпаз әлі күнге дейін мінсіз жігітті кездестіре алмай жүрген көрінеді. Енді, әншінің бұл сөздері «сегіз қырлы» бойдақ серілердің құлағына шалынар деген үміттеміз.