Амаль Клуни сәні мен сымбаты жарасқан ару екенін дәлелдей біледі. Нәресетелі болғаннан кейін, сылқым халық алдында алғаш рет бой көрсетті. Жұбайының «Субурбикон» картинасының премьерасына келген ол, көркімен талайдың көзінің жауын алды.
Жұбайын қолдамақ ниетте, шарада бой көрсеткен Амаль Клуни көк түсті көйлегімен меймандар назарына бірден ілікті. Сылқым, атаулы кешке өзімен бірге анасын да ерте келген көрінеді.
Ұзақ уақыт көзден таса болған Амаль, маусым айында егіз сәбидің анасы атанған еді. Жұбайының «Субурбикон» картинасының премьерасында төбе көрсеткен ол, бұдан былай өз жұмысына қайта оралмақ.
Өзінің жан жары кезінде «сексуалды зорлықтың құрбаны» болғанын жариялап, жұртты дүрліктірген режиссер болса, төл туындысының премьерасында да осы тақырып төңірегінде сөз қозғады.
Джордж Клуни, актер, режиссер:
-Бұл тек Голливудтың ғана емес, күллі адамзат мәселесі. Біз әйелдер қауымын әрдайым, кез-келген жерде өзін қауіпсіз сезінетіндей күйге жеткізуіміз қажет. Зорлыққа жол бермеу керек.
Сондай-ақ, Клуни мырза су жаңа картинасын көрерменге қызық болады деп сендіруде. Режиссердің айтуынша, фильм Субурбикон қаласындағы бір отбасының басынан өткерген оқиға желісі бойынша таспаланған. Комедия, криминал, детектив сынды үш бірдей жанрды тоғыстырған картина, 16-қарашадан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!