Мәдина Сәдуақасованың тегі Смағұлова болып өзгерсе қалай қабылдар едіңіздер?! Мәселен, көпшіліктің көзі үйреніп, құлағына сіңіп қалған әнші әпкеміздің фамилиясын, мен басқаша елестете алмаймын. Бірақ, өнер иесі дәл осындай эксеримент жасауға бел буыпты.
Сәдуақасова осыдан 4 жыл бұрын, тұрмыс құрған соң сахнаға Смағұлова болып шыққысы келген екен. Тіпті жолдасы Олжастың тегіне өту туралы ұсыныс Мадинаның өз тарапынан болған. Алайда, әнші жоспары жүзеге аспапты.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Енді ауыссаң әрине маған да, біздің әулетке де үлкен қуаныш болар еді. Бірақ, сен документтеріңді қанша өзгертсең де, халық үшін Мадина Садуақасова болып қаласың. Сондықтан, не үшін қағаз үшін бе, не қажеті бар? Сенің өзіңнің тегіңде қала бергенің дұрыс деп өзі айтты.
Гүлзира Дәрібаева! Иә, иә бұл Қайрат Нұртастың анасы! Көпшілікке Айдарбекова ретінде танымал продюсер, алғашқыда тегін ауыстырғысы келмегенімен, отағасына абайсызда алданып қалғанын айтады.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Менің фамилияма өтпесең болмайтын заң шығыпты деп. Мен сеніп қалдым, ол кезде жаспын ғой. Ойбай, өзімнің фамилиямда қалуым керек еді. Амал жоқ қой енді, сондай заң шығып жатса деген болатынмын. Кейін айқайлап күледі «мен сені алдадым» деп. Сөйтіп өзінің фамилиясына ауыстырып алған.
Ал, Шахизаданың шын тегі Шанасұрова болғанымен, әншінің құжаттағы фамилиясы Байпатшанова. Бір қызығы, әнші әлі күнге дейін алғашқы күйеуінің тегінен ауыспаған.
Шахизада, әнші:
Ол кезде 19 жастағы қыздармыз ғой. Білмейміз ғой көп нәрсені түсінбейміз. Енді қазір маған тұрмысқа шығып, менің фамилиямды ал, ауыстыр десе, еш уақытта, маған үйленбей кетсең үйленбей кет, сенің фамилияңды алмаймын деп айтар едім.
Жақында ғана үшінші мәрте ақ келін атанған әнші Керімбекова да тегін өзгерткен болатын. Бұдан былай, өнер иесі ресми түрде Ақбота Дәулетова болып сахнаға шығатынын хабарлаған еді.