Ал, 21-қазанда, Солтүстік Ирландияның Белфаст шаһарында өткен Жанат Жақиянов пен жергілікті Райан Барнет арасындағы жұдырықтасу нәтижесінен дау туды. Қазақстандық боксшы бірауыздан төрешілер шешімімен ұтылып, WBA чемпионы атағынан айырылған еді.
Бұл жекпе-жектегі әділқазылар жазбасын БАҚ өкілдері, бокс беделділері мен жанкүйерлер қатты сынап, «Головкин мен Канело» оқиғасына ұқсатуда. Себебі, Барнет 3:0 есебімен тым айқын ұтып, WBA (Super) және IBF белбеулерін иеленді. Өз мансабында осымен екінші мәрте жеңілген Жақияновтың командасы, біз тең жұдырықтастық деп санайды.
Рикки Хаттон, Жанат Жақияновтың бапкері:
- Шынымды айтсам, Райан жеңіске жетті деп ойлаймын! Дегенмен, төрешілердің карточкасындағы есеп мені қатты қапаландырды.
Майк Джексон, Жанат Жақияновтың бапкерлік штабының өкілі:
- Тең өткен жекпе-жекте Жақиянов ұпаймен ұтылды делік! Райанның екі раунд басымдығы бар шығар... Бірақ, төрешілер өз есебімен бізді қорлады!