Алматыға келген Светлаков, қазақстандықтарды қуантудың жолын тапты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ревюньюс» тағы бір эксклюзив ұсынады. Өткен уик-эндте ресейлік актер Сергей Светлаков Алматыға ат басын бұрған еді. Уақыты  тапшы болса да, әзілқой біздің тілшілерімізге сұхбат беріп, өз жаңалықтарымен бөлісті. 

Сергей Светлаков ең алғаш ТМД жұртына «КВН» ойыншысы және «Наша Раша» әзілкеші ретінде танылған еді. Кейіннен өзін актер, шоумен, продюсер ретінде көрсете білген ресейлік жұлдыздың, бүгінде болашаққа құрған жоспары жетерлік.

Сергей Светлаков, актер:

-Дәл қазір менің бар ойым «Жених» картинасының екінші бөлімін таспалауда. Фильмді көрермен жақсы қабылдады. Оның ішінде қазақстандықтар оң бағасын берген еді. Сондықтан жалғасын түсірмекшіміз.

Алайда, Светлаков мырза өзінің тағы бір туындысы «Горько»-ның үшінші бөлімін таспалауға асық емес. Есесіне, жаңа жыл қарсаңында «Елки» комедиясы киносүйер қауыммен қайта қауышпақ..

Сергей Светлаков,  актер:

-Жаңа «Елки» болады. Оны түсерсем бе, жоқ па деп көп ойландым. Себебі, соңғы бөлімі дұрыс шықпады. Бірақ енді, жаңа команда жинап, ойдағыдай картина түсірдік. Тіпті, жабық көрсетілімі болып,  көпшілік «жақсы» деп бағалады.

Ресторатор ретінде де табыстың кілтін тапқан Сергей Светлаковтың, Алматыға ат басын бұруына себепкер болған да сол - жеке кәсібі. Ол, тіпті, бизнесінің барысын бейнекамера арқылы жіті бақылап, кімнің қанша шайпұл қалдырғанын да қадағалаймын дейді әзілдеп.

Сергей Светлаков,  актер:

-Даяшыға шайпұл қалдырып жүріңіздер. Мен бәрін қарап отырамын.