#MeToo. Дәл осы хэштегпен әлеуметтік желіде салынған суреттердің саны сағат сайын артып келеді. Еуропалықтар да, осы жолмен актрисаларға зорлық көрсетті деп айыпталған Харви Вайншейтнге қатысты қарсылықтарын білдіруде! Бұл бастамаға әнші Леди Гага да қосылған...
Флешмобтың идеясы «Зачарованные» телехикаясында Фиби рөлін сомдаған Алисса Миланоға тиесілі. #MeToo яғни, «мен де» деген хештегімен кез-келген жан сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын немесе Харви Вайнштейннің іс-әрекетіне өз қарсылығын білдіре алады.
Өзінің твиттерінде оқырмандарының дәл осындай хештегпен жазба қалдыруын өтінген актрисаның көксегені де жоқ емес. Мақсат – зорлық мәселесінің ауқымды екенін көрсету.
Продюсер Харви Вайнштейнге қатысты голивудтық жанжалдан басталған флешмобты қолдаушылар саны аз емес. Киномагнаттың экс-әріптестері - актрисалар ғана емес, леди Гага бастаған әншілер қауымы да, өз пікірлермен бөлісуде.
Фёрги – әнші:
-Бұл дегеніміз ауқымды тақырып. Ал, Харви Вайнштейннің істегені билікті асыра пайдалану болып саналады. Зорлық-зомбылықты түбегейлі тиюымыз керек!
Бүгінде, күрделі мәселені көтерген #MeToo хэштегі бір түннің ішінде-ақ 37 000 мың комментарий жинап, Фэйсбук желісінде 7 миллионға жуық адамның талқысына түсіп үлгерген.