Табысымды таратпаймын! Дженифер Лопестің сазгері бар қаржысын қайда жеткізе алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанды дауыста өнер көрсетіп жүрген Дженифер Лопеске ән жазған Лин-Мануэль Миранда, бар қаржысын қайырымдылыққа құймақ. Дарынды композитор, енді жұлдыздардан түскен табысты да өзіме жұмсамаймын дейді.

Сазгер Линь-Мануэль Миранданың орындауындағы дәл осы ән, табысты туынды ретінде Billboard chart-тың көшін бастады. Алайда, дәулетті музыкант тапқан қаржысын шығармашылыққа емес, Пуэрто-Рикода дауыл салдарынан зардап шеккендерге жәрдем ретінде жұмсамақ.  

Танымал фильмдерге саундтрек жазып жүрген композитор, Дженифер Лопес пен Гло́рия Эсте́фан орындауындағы әндерінен түскен табысты да  қайырымдылыққа жаратуға ниетті.

Ал, әнші Эд Ширанның өзі көмекке зәру күйде. Өнерпаз өз инстаграм парақшасының оқырмандарына велосипед айдап келе жатып, шағын апатқа ұшырағанын жазған болатын. Қолын сындырып алған жұлдыз, енді жеке концертін кейінге қалдыруға мәжбүр.

Голивудтық тағы бір актер бойдақтық кейпін қайта тапты. «Дневники вампира» телехикаясының жұлдызы Пол Уэсли, өз сүйктісімен ат құйрығын үзген. Өнер иесі Фиби Тонкинмен түсірілім алаңында көңіл қосқан болатын. Бірақ,  ғашықтар хикаясы көпке созылмай, қос актердің арасы тез суығаны бар.