Артур Төлепов кей сұрақтан сүрінсе де, өмірлік ең маңызды сауалының жауабын тапты! Ол сүйгенін жолықтырып, енді шаңырақ көтеруге бекінген! Талай арудың арманы болған актердің сөзінше, оның келешек жары Қарағандылық қарапайым қыз!
Артур Төлепов, актер:
– Болашақ жарымның өнерге еш қатысы жоқ. Оқуын бітірген, есімі мадина. Алла қаласа, келесі жылы үйленем деген ойым бар. Мадинамен бір мейрамханада танысқам, ол сол жерде жұмыс істейтін болатын.
Жарым деп таңдаған ғашығын, Артурдың жұрттан жасыруында өзіндік себебі бар. Төлепов сері сүйген сұлуына көз тие ме деп қорқады! «Ревюньюс» арқылы Мадинаны халыққа таныстырам деп уәде еткен актер, тойдың қашан және қайда болатынын да хабарлады!
Артур Төлепов, актер:
– Өзінің қарапайымдылығымен, өзінің тәрбиесімен мені баурап алды. Той енді.... Алдын ала айтуға болмайды дейді. Барлығын шақыруға тырысамын, Алматыда болады.