Ешқандай таныстырылымды қажет етпейтін ол - Ференц Пушкаш сыйлығы. Жыл сайын жаһандағы ең әдемі соғылған гол үшін берілетін бұл марапаттың, үздік үш үміткері анықталды.
18 жасар венесуелалық аяқдопшы қыз - Дейна Кастельяностың, алаң ортасынан шірене тепкен добы, Камерун қақпашысын қапы қалдырған. Әйелдер құрамасының шабуылшысы бұл голымен жеңіпмаз атанса сенсация болмақ.
Оңтүстік Африка Республикасы чемпионатындағы "Барока" клубының қақпашысы Оскарине МасулУкенің мына добы да талайды таңырқаттты.
«Шаянның соққысы» деген атау алған, ағылшындық «Арсенал» футболшысы Оливье Жирудың да осы голы «Пушкашқа» үмітті. 23 қазан күні Лондон қаласында аталмыш марапаттың иегері анықталады!