Қаһарман кейіпкер Бэтменнің Чуда-женщина, Флэш, Аквамен мен Киборгты жанына ертіп, жауыздықпен күресер уақыты алыс емес! Warner Bros киностудиясы «Лига справедливости» фильмінің ақырғы трейлерін жариялады.
Видеороликте Суперменнің сүйіктісі Лойс Рейннің көрген түсі назарға алынған.
Лойстің түсіне, көз жұмған ғашығы - Супермен кірген. Трейлерді тамашалаған картина жанкүйерлері, қаһарман кейіпкер ортаға қайта оралады деп болжауда. Ал, туынды үлкен экрандарға қараша айында жол тартпақ!