Томирис пен Тоғжан! Төреғалидың жұрттан жасырған балалары ел назарында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Төреғали соңғы уақытта тыңдармандарын да, тілшілерді де таңырқатып жүр! Әдетте БАҚ өкілдері бой көрсеткен жерге бас сұқпайтын  әнші, бұл жолы журналистерді жанына жиып, ақ дастарханда әңгіме-дүкен құруды жөн деп шешкен.

 

Төреғали мен журналистерді дастархан басында жүздестіріп, баспасөз мәcслихатының жаңаша нұсқасын ұсыну, продюсер Жан Мұқановтың идеясынан туындаған екен.

Жан Мұқанов,  продюсер:

-Әрқашан осылай ресми ретінде баспасөз конференцияларды өткізуші едік. Сондықтан, Төреғалиға айттым осылай обедке шақырайық бәрін.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Шынымды айтсам осындай пресс-конференция бірінші рет болып отыр ғой деймін. Жалпы журналистермен дастархан басында отыру, ол да бірінші рет болып отыр ғой деймін. Бірақ күшті, өте жанға жағымды сондай ешкім жеп қоймайтын сияқты сені.

Бірақ, бұл жолы да барлығы Төреш ойлағандай болмады. БАҚ өкілдері бас қосу барысында Төреғалиды Қайрат Нұртаспен салыстыра сұрақтың астына алды. Тіпті, екі хитменнің өз жұбайларын бір уақытта халыққа таныстыруын құры  сәйкестікке баламайтындар бар.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Қайрат бір жерін көрсетіпті, менде соны көрсетейін, Қайрат бүйтіпті, мен сөйтейін деп мен бір нәрсе жасаған емеспін осы уақытқа дейін және жасамаймын да. Қайрат мынадай ән шығарыпты деп, мен соған ұқсас ән шығарған емеспін. Қайрат мынадай киім киді деп, мен ешқашан киім киген емеспін.

Келіншегін Қайраттан кейін көрсетсе де, бұл жолы Төреш балалары жайлы бірінші болып айтуды жөн деп шешті. Томирис және Тоғжан! Иә, бүгінде Төреғали екі бірдей қыздың әкесі атанып үлгеріпті. Ал, бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған мына эксклюзивті фотода кіші қызы Тоғжан.

Ал, осыдан 3 жыл бұрын отағасы атанған Төреғали, жұбайы мен қос қызын жақын күндері өтетін дүбірлі тойында дүйім жұртқа таныстырмақ ниетте.