Көрермен қауым, сіздер демалыс күндерін қалай өткіздіңіздер? Ал, «Найнти уандықтар» үшін өткен уикенд қызықты болды. Кью-поперлер, өздерінің жанкүйерлерімен тауға шығып, иглзға табиғат аясында шеберлік сабағын өткізіп қайтты.
Аспанмен таласқан таулар, табиғат аясы, саф ауа. «Найнти уандық» мемберлер дәл осындай әдеттен тыс ортада «Juz academу» студенттерімен жүздесті.
Асыл Беделхан,«Juz academу» өкілі:
-Бұл идея негізі өзімнің идеям болған. Бірақ жазда шығамыз деп ойлағанбыз, күн жылыда. «Найнти уанның» уақыты болған жоқ жаз бойы, сондықтан енді шығып жатырмыз кемпингке.
Табиғат құшағында жанкүйерлерімен бас қосқан мемберлер, бір сәтке шығармашылықты ысырып, иглзбен ортақ ойынға кірісті.
Bala, Ninety One тобының мембері:
-Этюд дайындап жатырмыз. Бізге сондай тапсырма берілді, тез қырық минуттың ішінде, этюд қойып, оның ішіне өлең қосып, және де ортақ идеологияны жеткізе алатындай өзіміздің актерлік шеберлігімізді көрсетуіміз керек.
АСЕ, Ninety One тобының мембері:
-Көңіл-күй жақсы! Ауа-райы керемет және таза ауа. Және мықты творчествалық процес болып жатыр! Неше түрлі өнерлі, неше түрлі әуен би аралас.
Жұлдыздар мен жанкүйерлер жүздесуінде кью-поперлердің ағалық кеңесі де айтылды.
ZaQ, Ninety One тобының мембері:
-Біз өзіміз кезінде кішкене осыған ұқсас бағытты бастаған болатынбыз. Бірақ бізге келіп, өздерінің ойымен бөлісетін адам аз болған. Менің ойымша бұл өте керемет нәрсе, себебі адамдар бір бірімен коннекте болуы керек, әрдайым осылай, шығармашылық бағытта бір бірімен араласып тұру керек деп ойлаймын.
Табиғатта тынықан «Найнти уандықтар» иглзға келесі кездесу де осындай форматта өтеді деп сөз берді.