Нью-Йоркте 11-ші «Comi-con» фестивалі басталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аниме төңірегіндегі тағы бір жаңалық! Нью-Йоркте 11-ші «Comi-con» фестивалі басталды. Енді, 4 күнге созылатын аталмыш шара: комикс, аниме, видео ойындарға жаны құштар жандардың жұмақ мекеніне айналмақ. 

Жаңалыққа құмар жандарды жинаған бұл үлкен шара қашан да қызықты. 4 күнге созылған «Комик кон» фестивалінде түрлі кейіпкерлердің бәрін көруге болады. Әйгілі киногерлерден бастап, әзілқой-қаһармен Дэдпулға дейін...
 

Ник,  «Дэдпул» жанкүйері: 
-Неліктен ешкім «Дэдпул» болғысы келмейді? Ол маған өте қатты ұнайды, кейіпкер ретінде ұнайды. Сіздер де сол сияқты ақылға сыймайтын дүниелерді істей аласыздар ғой.

Бірнеше күн бойы: комикс, графикалық роман, манга, аниме, видео ойындар мен телевизия саласының тың жаңалықтары келушілер назарына ұсынылмақ.
 

Кристина Роджер,  ұйымдастырушы:
-Мұнда әрбір жан өзіне керектісін таба алады. «Comi-con-ға» келген соң, адам қызығушылығы бір басқа біреуді кездестіріп, әңгіме құрып, кішкене болса да жұмысы жайлы ұмыта бастайды.
Алайда, фестивальде Netflix арнасы мен Marvel компаниясы «Каратель» телехикаясын таныстырудан бас тартқан көрінеді. Оған себеп, Лас-Вегастағы қайғылы оқиға.  

Он бірінші рет өтіп отырған Нью-Йорк ««Comi-con» фестивалі 2006 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Аталмыш аниме жәрмеңкеге бұл жолы 200 мыңнан астап адам келеді деп күтілуде.