Қазаққа тән емес! Ұят қайда? Бұл Кәмшаттың дәл осы постының астына жазылған жағымсыз пікірлердің бір-екеуі ғана. Жалаңаш кейпімен жұрт назарына жиі ілігетін Жолдыбаева, «Ревюньюс» арқылы желіні шулатқан жазбаларына жауап берді.
Каспийдің толқынына тербеліп, туған жерінде асыр салған сылқымды сол сәтте сынағандардың саны аз болған жоқ! Тіпті, дәл осы видеоны желіге жүктей сала, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан фоллоуверлері, әншіні біраз жерге апарып тастаған-ды. Алайда, Кәмшат бұл тектес жазбаларға бас қатырмайтынын айтты.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
-Ол орынды. Ойбай пікір жағымсыз жазылып жатыр немесе жазылмай жатыр деген емес. Пікір жазылмаса ол жаман. Пікір жазылмаса саған ешқандайда қызығушылық танытылмайды, еленбейді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әнішінің сіңілісі де сын садағына жиі ілігеді. Батыл образдарымен оқырмандарын таң қалдырудан шаршамайтын кіші Жолдыбаева, бүгінде Кәмшаттың сахналық образына өзіндік үлесін қосып жүрген көрінеді.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
-Өз жолымен тым жақсы келе жатқан қасымдағы сіңілім. Маған көмектесетін тұсы ол ақылдасу, кеңесу. Образдарымды, стилімді... сол жағынан талғамы жоғары. Былайша айтқанда, халықтың алдына шыққан образдарымның барлығы сол Алтынаймен ақылдасып жасалатын дүниелер.
«Кешью» құрамында жүріп, тек продюсердің қадағалауымен сахнаға шыққан Кәмшат, жеке шығармашылыққа бет бұрғанда ашық образдармен ел назарын бірден аударды. Мысалы, әншінің соңғы клипі жұрт арасында «Жалаңаш Жолдыбаева» деген түсінік қалыптастырғандай...
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
- Жаңашылдық, ерекшелік бұл әрқашанда сынға алынады. Егерде сен бұрын-соңды болып жатқан іс-әркеттеріңді қайталап жүре берсең, ол ешқашан еленбейді, сынға алынбайды. Ал, егерде сен жаңалық ашамын, ерекше боламын десең, онда ол міндетті түрде сынға ілігеді. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын. Біріншіден өзімді таң қалдыруға тырысамын.