Оңды ойынымен жанкүйерлерін сирек қуантатын Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары өзгеше мазаққа тап болды.
Олар Бухарестке Румынияға қарсы өткізетін матчқа, Өзбекстан деген жазуы бар ұшақпен келген. Бұл фотолар әлеуметтік желілерде лезде тарап, Қазнеттегі қауымның қытығына шындап тиді.
Ұлттық құраманың ренжіген жанкүйерлеріне Қазақстан футбол федерациясы түсінік бірді. Отандық әуе компаниялары Бухарестке тікелей ұшпайтындықтан, ел командасы қолжетімді Өзбекстандық чартерлік рейсін жалдаған. Еске салсақ, Әлем чемионатына іріктеу кезеңі аясында, Қазақстан өз тобында 2 ұпаймен көш соңында келеді.