«Пила 8» үлкен экрандарға жол тартқанша, көрермен қауым Райан Гослинктің қатысуымен «Бегущий по лезвию»-ді тамашалай алады. Картина авторлары, «Фильмнің сюжеті қандай болатынын айтпаңыздаршы» деп журналистерге өтініш білдірген де көрінеді...
Араға 35 жыл салып, «Бегущий по лезвию» сиквелы көрерменмен қайта қауышпақ.
Көп күттірген картинанының алдын-ала көрсетілімін тамашалаған батыстық журналистер, фильм туралы жарыса жаза бастаған еді. Алайда, киногерлер қауымы сюжет желісі туралы тіс жармауды өтінді.
Ха́ррисон Форд, актер:
-Көрермен қауым фильмді тамашаламай тұрып, ол туралы білгені дұрыс емес. Адамдарға картина қызық болмай қалуы да мүмкін. Сондықтан, туындының сюжеті жайлы жазбауларыңызды өтінемін.
Актерлер ұжымы үміттерінің ақталғандығын да айтып қалды. Себебі, ең бастысы, туындыда болашақпен бірге бүгінгі күннің маңызды мәселелері назарға алынған. Солардың бірі - халықтың тығыз орналасуы, ғаламдық жылыну, әлеуметтік теңсіздік.
Райан Гослинк, актер:
-Сценарийді оқып, іштей мәссаған, осының барлығын орындауым керек пе деп таң қалдым. Алайда, сол кезде бұл рөл мен үшін үлкен мүмкіндік болып көрінді.
Болашақты барынша шынайы көрсету үшін, Дени Вильневке британдық әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуіне де тура келген көрінеді. Режиссер түсірілім барысында, бұрын соңды қолданбаған жаңа тәсілдерді пайдаланған..
Отандық көрермен, «Бегущий по лезвию каринасын» ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеарларынан көре алады!