Маусымдық депрессияға түсіп жүрген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Күз мезгілінің келуі, толассыз жауған жаңбыр әркімнің де көңіл-күйіне әсер етпей қоймасы анық.Өнер жұлдыздары көрермендерге маусымдық депрессиямен күресудің өз жолдарын ұсынады. Олай болса, құлақ асып көрейік...

Келіп жеткен қоңыр күз, кей адамдар үшін - нағыз тоқырау уақыты. Маусымдық депрессия. Жұлдыздардың бұл туралы ойы қандай?

Отыздан асса да отау құрмай, анасының баласы атанып жүрген Жеңісхан, көңілсіз күй кешсеңіз, жақындарыңызбен тауға шыққан абзал дейді...

Жеңісхан Момышев,  режиссер, клипмейкер:
-Ондай уақыттарда анашыммен, немесе өзім, балаларды жинап тауға шығып, шашлык істеп, көңіл-күй көтеріп, кішкене әңгімелесіп отыруға, болады. 

Режиссердің ойынша, тоқырауға түспеудің жалғыз жолы – тынымсыз еңбек.
 

Жеңісхан Момышев,  режиссер, клипмейкер:
-Депрессияға түспеу үшін жұмыс істеу керек, жатпау керек көп.

Ал, Әли Оқапов керісінше, күз мезгілін асыға күтетін көрінеді.
 

Әли Оқапов, әнші:
-Күздің келгенін мен бірден сездім.. Және әсері өте жақсы. Өйткені оған үш себеп бар. Біріншісі күз менің ең сүйікті мезгілім, екіншіден қыркүйек айында менің аллергиям басылады жазда болатын. Сонда  күз келгенде қуанам, мұрным ашылып, көзімнен жас ақпай дегендей. Үшіншіден күзде анамның туған күні. 

Оқапов осылайша күзге оң қабақ білдіреді. Дегенмен, Айнұр Ілиясова депрессиямен күресудің жолдарын әркім білгені дұрыс деп санайды. 
 

Айнұр Ілиясова, актриса:
-Менің ойымша құрбыларыммен барып отырып, шәй ішіп әңгімелесуге де болады. Екінші ол, ондай жағдай болса көз алдыңдағы картинка дейді ғой, суретті ауыстыруға болады. Басқа қалаға барып келуге, я болмаса қалтаң көтерсе басқа мемлекетке барып келуге. 

Көңіл түскен сайын, шетелге шығу мүмкін емес-ау. Бірақ, күз мезгілі сияқты, торығу да уақытша күй екенін ұмытпайық!