Аян Өтепберген мен Гүлназ Жоланова! Дәл осы актер мен актрисаның инстаграмдағы әр постын жіті қадағалап отыратын желі қолданушылары, оларды әлдеқашан жұптастырып үлгерген! Алайда, осы уақытқа дейін екі жастан мардымды жауап болмаған-ды! Ревюньюске эксклюзивті сұхбат берген жұлдыздар арадағы қарым-қатынастың ақиқатын айтуға әзір.
Гүлназ Жоланова, актриса:
-Біз видео түсіргенбіз кавер Тамара Асардың «Ренжімеші» атты әніне. Содан кейінгі болжамдар шығар.
Аян Өтепберген, актер:
-Одан кейін жақсы араласып кеттік бірге жұмыс істегеннен кейін. Соны бір-екі жерде көріп қалған болуы керек, қазір күнде жазады. Бірге жүресіздер, бірге тұрасыздар деген сияқты нәрсе ғой.
Бірақ, бұл таныстық екі жастың сезімін селт еткізбесе де, жиі жүздесіп, тіпті оңашада серуендеуге септігін тигізген. Мәселен, Аян мен Гүлназ наурызда Тайландқа бірге аттанса, сәуір айында табиғат аясында серуендеп, тіпті шілденің басында Қапшағайда қыдырып қайтқан суреттерін желіге қатар жүктеген. Алайда, Аянның айтар өз ақиқаты бар!
Аян Өтепберген, актер:
-Екеуміздің барған күніміздің арасында 5 күн бар айырмашылық. Ол сол күні барып түскен. Бес күннен кейін мен барғанмын деген сияқты. Соны барып қосып жібергенде, екеуі бір күнде барды деп. Бірақ, шынын айту керек, ондай арамызда ештеңе жоқ!
Бірақ, жуырда Аянның жеке өмірінде жағымды жаңалық болса таң қалмаңыз! Өйткені, жиырма беске келген жігіттің жанұясында «келін» тақырыбы жиі талқыланатын көрінеді.
Аян Өтепберген, актер:
-Жақында Төреғали айтып кетті ғой, тойым болады деп. Соны естігеннен кейін үйге келіп түрткілейді ғой әке-шешеміз.