Жылдың ең үздік актері атана алмаған Санжар Мәдиев «L'Officiel Awards – 2017»-нің дауыс беру жүйесіне күмәнмен қарайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Санжар Мәдиев болса, бәрін саралап отырған екен. Сері дауыс беру жүйесінде бір кілтипанның барын  айтады.

«L'Officiel Awards  2017» марапаттау салтанаты тұңғыш ұйымдастырылса да, биылғы ең жиі талқыланған тақырыптың бірі. Үміт пен күдік әсіресе «Үздік актер» номинациясына ұсынылған Санжар Мәдиевте басым.

 Ал, сол үміткерлер тізіміндегі әріптестеріңіздің қайсысы сізге бәсекелес бола алады?

Санжар Мәдиев, актер:

- Меніңше барлығы да лайықты қарсылас! Бірақ, мен дауыс беру жүйесін түсіне алмадым. Маған қолдау білдіргендер 25 пайыз деп тұрса, келесі күні 23 пайыз болып азайып қалған. Жеңімпаз әділ анықталды ма?

Үнемі салт жүретін сері бұл кеште жары Мөлдірмен көзге түсті. Кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов те сырт көзден жасырын ұстайтын жұбайын ерте келген. Қайырымдылыққа келгенде қолы ашық бизнесмен, «Үздік меценаттықтан» үмітті еді. 

Қайрат Құдайбергенов, бизнесмен, меценат:

– Үміткерлер тізімінде болған едіңіз! Бірақ, Аружан Саин жеңіске жетті. Шешім әділ қабылданды ма қалай ойлайсыз?

– Аружан Саинды филантроп ретінде номинация беретін едім. Себебі, өзі айтып кеткендей ол меценат емес.

 

Жылдың топ жарған режиссері әрі кинопродюсері – Нұртас Адамбай деп танылса, Аружан Жазылбекованың жеке коллекциясы «Үздік актриса» мүсіншесімен толықты. Ал, дау болған «Үздік актерлік» Ерден Телемісовке бұйырған екен. 

 Ал, өзіңіз кім үшін дауыс берген едіңіз?

Ерден Телемісов, актер:

- Үміткерлер тізіміндегі 6 әртістің төртеуі жан досым! Бірақ, меніңше бұл жүлдегі нағыз лайықтысы – Берік Айтжанов!

Астанадан ат арылтып Ләйлә Сұлтанқызының да арнайы келуі тегін емес! Бикеш  L'Officiel журналы арқылы, түрлі өзекті мәселеге қалам тартады.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

– Сіз осы журналға жазған мақала жиі талқыға түседі, көптеген порталдар қайта көшіріп басады. Сондай актуалды, сондай өтімді тақырыптарды қайдан тауып алып жазасыз жалпы?

- Жоқ, оны тауып алғанда өмірдегі болып жатқан құбылыстар ғой. Бұл жердегі бар ерекшелігі қазақи бір менталитетті орыс тілді аудиторияға ұсыну кішкене өзгешелік бар.

 

Келешекте «L'Officiel Awards» дәстүрлі жүлде тапсыру салтанатына айналмақ!