Гуглдың қазақшасы түзелетін болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Translate-тың дыбыстық жүйесі 150 мың қазақ сөзімен толығады.

Алдағы екі жылдықта  Google Translate жүйесіне ауызша аудару қызметі қосылмақ. Қазақстандық ірі компаниялардың бірі 4 миллион теңге қаржы бөліп, мемлекеттік тілдегі 150 мың сөз бен сөз тіркестерін дыбыстамақ.

 

Кейін, бұл файлдардың барлығы сапалы түрде өңделіп, Гуглдың бас кеңсесіне жіберіледі. Компания оны жүйеге салатын болады. Бұл заманауи технологтиядағы жаңашылдықты қазақ тілінде қолдануға зор мүмкіндік.