Аты аңызға айналған режиссер болса, бұл кеште аздап қымсынғандай көрінді. Әрине, ұзақ жылдар бойы экранның арғы жағында жүріп үйреніп қалған Спилбергке, актерлік оңай тимегені анық.
Стивен Спилберг, режиссер:
-Білесіздер ме, бұл өте қызықты тәжірибе болды. Байопиктің режиссері - Сьюзен, мені өте тереңінен зерттей білді. Кейді тіпті, картиналарымды менен жақсы біледі ме деген ойда болдым.
Сондай-ақ картинаның премьерасына Вин Дизель, Джек Блэк бастаған бір топ жұлдыз қатысып, режиссерге ізгі тілектерін білдіріп жатты. Тағы бір, кино жаңалық. «Баа баа лэнд» атты туындының тұсауы кесілді. Ия, сіздер дұрыс естідіңіздер, «Ла ла лэнд» емес.
Аты қызықты фильмнің өзі де ерекше. Себебі, сегіз сағаттық картинаның басты кейіпкерлері – қойлар. Негізгі рөл бұйырған үй жануарлары, тұсаукесер рәсімінде де нағыз актерлер сынды қызыл кілеммен жүріп өтті.
Петр Фредман, продюсер:
-Өзгертулер көп болды. Кейбір адамдар сегіз сағат дегенімізде таң қалып жатты. Негізі 14 сағаттық болу керек еді, бұл қысқартылған нұсқа.
Авторлардың айтуынша, ең қызықсыз кино атағын алған «Баа Баа Бенд» ұйқысы қашқан адамдарға арнайы түсірілген көрінеді. Иә, бір режиссер халықтың қамын осылай күйттесе, Джеймс Кэмерон «Аватардың жалғасын таспалауға кіріскен.
Киногердің мәлімдеуінше, сиквелдың екінші бөлігі 2020 жылы көрермен назарына ұсынылмақ. Одан кейінгі уақыттарды, картинаның қалған 3 бөлімі түсіріледі деп жоспарлануда.