Асылбек Еңсепов пен жұбайы кішкентай ханшайымдарын бүгін қырқынан шығармақ ниетте. Дәл осындай сүйінші хабарды жақында Динара Қырықбаева да жаршылайтын болады. Жүктілігін жасырып жүрген әнші кеше біздің камера объективіне ілігіп қалды. Таяуда екінші рет әке атанатын Дастан Оразбеков те сүйіктісімен бірге сыр бөлісті.
Тұңғыштары - Алдияр өмірге келгеннен соң, он үш жыл дегенде Жанат ханымның екінші сәбиіне аяғы ауырлаған. Сондықтан да, бақытты жұп бастысы құрсақтағы нәрестенің саулығы, - дейді.
Дастан Оразбеков, әнші:
– Витаминін ішіп, дәрігерге уақытысында барып, сәл бірдеңе уақытысында дұрыс болмай қалса шырылдап қалып. Бірақ, енді менен әлдеқайда артық ойлайтын анасы. Біз енді жұмыс бабымен анда шапқылаймыз. Кейде, бұзықшылық жасап үйге де келмей қоятын кездер болады.
Үйге жиі қонбауы, әлде түрлі картиналарда сан-алуан актрисалармен ойнауы сеп болды ма, Оразбековтың айналасында қауесет қарша борады. Соңғысы, Дастан Жанар Дұғаловамен «көңіл жарастырды» деген ақпарат. Серінің өзі инстаграм парақшасында бұл әңгімені жоққа шығарып, арнайы пост жазды.
Дастан Оразбеков, әнші:
– Қазаққа тәнті дүние, бір сөзді естіп қалса іле кететін. Менің жарымның уайымы аздау болсын деп, кішкене мынандай жағдайда жүрген уақытта бір аса нервісі ұстамасын деп.
Жанат Оразбекова, Д. Оразбековтың жұбайы:
– Жанарды жақсы танимын. Ондай қауесетке мән бермеймін, бергім де келмейді. Үйде сен басқаша айттың ғой. Бәрін айтта, бірін айт. Қайын жұрттан ұят болды. Қайын бикелерімнен ұят болды.
Оразбековтер отбасында біраз түсініспеушілік туындатқан мәселе ақыры оң шешімін тапты. Енді, екі айдан соң дүниеге келер сәбиді асыға тосып жүр. Жанат ханыммен бірге Динара Қырықпаева да бесік тербетпек. Сылқымның да екінші перзентіне аяғы ауыр. Дастанның «Ордалас» досы – Ерболат Беделхан да таяуда төртінші рет әке атанады. Бұған қоса, Ақбота Керімбекова да көпбалалы аналар тізіміне жақында қосылып қалуы мүмкін.