Кардашьяндар отбасының сылқымдары тағы да сан-алуан әңгіменің желдей есуіне түрткі болды. Әуелі Ким, одан кейін Кайлидің құрсағына құт біткені мәлім еді. Енді бұл аналар тізіміне Хлое де қосылды!
Хлое Кардашьян жүктіліктің үшінші айында, - дейді ақпарат көздері. Сүйінші хабарды инсайдерлер де растап, Тристан Томпсон екеуінің таяуда ата-ана атанатынын хабарлады. Баскетболшы сері – сүйіктісіне ұсыныс жасап, сәбилері өмірге келгенше неке қию салтанаттарын атап өтуді қиылып сұраған. Бірақ, сылқым келісімін бермепті. Оның пікірінше, дүркіреген той періштелерін қолдарына алған соң ғана өтуі тиіс.
«Махаббат майданынан» әлі құрып, Леонардо Ди Каприо делқұлы күй кешкенімен киноәлемде белсенділік танытуда. Сері таяуда АҚШ президенті Теодор Рузвельтті сомдайды. Байопикке Мартин Скорсезе режиссерлік етпек.
Ержеткенде ел тізгінін ұстайды деп үміт артылған қаршадай Джордж ханзаданың оқуға құлқысы жоқ. Уильям мұрагерінің сабаққа қызығушылығын қалай оятарын білмей дал. Мектепке аттап басқысы келмейтін Джорджға түсіністік танытуға да болатын шығар. Ақсүйек ата-анасы төрт жастағы ойын баласының білімге құштарлығын арттыруда енді өзге айла-амал таппақ.