«Блэк дайл» фанаттары кумирлерімен аптасына үш рет кездесіп, тіпті шәкірті болуға мүмкіндік алып отыр.
Бұрын көпшілік Тэддиді рэпер ретінде танығанымен, «Блэк дайлдық» бозбаланың хореограф екенінен бейхабар. Тіпті, бүгінде би өнеріне құштар жас өрендерге шеберлік сабағын өткізіп жүр. Ал, топтағы жұмысы мен жеке кәсібін қатар дөңгелету кью-попердің кестесіне сәйкес келеді ме?!
Teddy, «Black dial» тобының рэпері:
-Продюсермен сөйлескенде басында ойланды. Маған кішкене шыда, күте тұр деді. Мен шыдап, күтіп 2-3 ай жүрдім. Бір уақытта шақырып алды. Түсінген жоқпын, не үшін шақырғанын. Сосын айтты, «ойландық саған рұқсат береміз, биіңді аш» деді. Ары қарай дамы деп, рұқсат берді.
Атырауда 15 жасынан бастап «брейк-данс», яғни көше биімен шұғылданған Тэдди, кейін хип-хоп жанрын таңдаған. Бүгінде ұстаздыққа бет бұрған ол, біздің елде кенже қалған осы би өнерін өркендетуге өз үлесін қосуды қалайды.
Teddy, «Black dial» тобының рэпері:
-Билейді, дайындалады. Бірақ, оларды сахнаға апаратын адамдары жоқ. Сахнаға қалай шығу керек, не істеу керек, өзін қалай ұстау керек екенін білмейді де. Әр түрлі фестивальдерге, жарыстарға шығаратын ойым бар.
Бүгінде Тэдди, «Блэк дайлдың» хореграфы қызметін атқарады. Аталмыш бойзбендтің дебюттік бейнебаянына би элементтерін қосқан да дәл осы жігіт.
Тэддиден тәлім аталатын шәкіртердің басым көпшілігі «рэйванстар». Бұл сәт кумирімен кездескісі келетін «Блэк дайл» фанаттары үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр.
Би сабағынан дәріс алушылар:
-Мен әрине «рэйванспын» өзімде. Бұл топқа келгенім үшін өте ризамын. Тэдди күшті үйретеді.
-Тэддиді «Блэк дайл» группасынан көрдім. Және оның би сабағын беретінін біліп келдім.