Вайннан кейін көлемді картинада ойнаған Нұрлан Батыров көрермен көңілінен неге шықпады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл саған вайн емес, кино! «Любовь по наследству» атты  фильмде басты рөлді сомдаған Нұрлан Батыров бірден сынның садағына ілікті. Желідегі шағын әзіл-роликтердің кейіпкері ретінде жұлдызы жанған ол, көлемді кинокартинада жүктелген жұмысты сәтті атқара алмаған.

Бұл картина режиссер Нияз Әбдіғапардың алғашқы туындысы. Траги-комедия жанрында таспалаған фильмдегі бас рөлдерге Мұрат Бисенбин мен вайн арқылы бағы жанған Нұрлан Батыров кастингсіз қабылданған.

Нұрлан Батыров,  актер, вайнер:

-15 секундтық вайннан басқа түкте түсіре алмайсың деп, желіде маған талай мәрте сын айтылған болатын. Актерлық шеберлігіме де күмәнмен қарағандар бар. Мен бұл картина арқылы талантымды дәлелдегім келді.

 

Иә, Нұрлан қанша тырысқанымен, жағымсыз пікірлерді қарша боратқандардың қарасы азаймай тұр. Өйткені, толықметрлі дебютінде актерлік шеберлігінің кем  тұстары көзге ұрады! Бұл біздің емес, тұсаукесерге келген көрерменнің пікірі. 

Жанель Мақажан, актриса:

-Актерлік шеберлігі аз десем болады. Жетіспейді! Шынайы емес. 

Фильмде Мұрат пен Нұрлан, ағалы-інілі Әрсен және Арман есімді жігіттерді сомдайды. Сценарий желісі бойынша, екеуі де сүрбойдақ. Алайда, аяқ астынан сырқатқа шалдыққан анасының бір ғана тілегі бар. Ол екі ұлын жақын достарының қыздарына қосып - отбасылы қылу. Картина сюжетінің 80 пайызы шынайы оқиғаға құрылғанымен, актерлық құрам көрерменді сендіре алмаған сынды...

Серғазы Тоқтарбек, актер, вайнер:

-Ана жерде аналары қайтып кетті деген мағынаны беріп көрерменге, бірақ сосын есіктен шыға салып, бір-бірімен ұрсысып жатыр. Сол жерге кішкене сенбей қалдым мен.