Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығының» екінші маусымын таспалауға кірісіп кетті. «Алтын тақ» деп аталатын бұл он бөлімді телетуындыға, бірінші кезеңдегі актерлардың түгелі қатысады. Бұған қоса, «Вавилон - 5», «Перл – Харбор», «Мемуары Гейшы» картиналары арқылы таныс Кэри – Хироюки Тагава шақырылған.
Рүстем Әбдірашев, режиссер:
– Кэри Тагаваны шақырамыз ба деген ойдамыз. Жапонның актері, Америкада тұратын. Келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. Ауызша келісімдер бар. Қазір ол кісінің продюсері Қазақстанда.
Голливудтық актер түсірілім жұмыстарына келер жылдың басында кіріседі деп күтілуде. Негізгі локация Қазақфильм аумағында, Қапшағай, Түркістан мен Жамбыл облысында болмақ. Ал, туынды 2018 жылдың соңында көрерменге жол тартады.