«Томирис» патшайымды кім сомайды? Ақан Сатаев ауқымды тарихи жобаға актерлар іріктеп жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзірге, Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінде қай актерлардың бой көрсететінін білейік! Режиссер ауқымды жобаға қатыстырылатын жандарды жарты жыл көлемінде іріктемек. Бүгінде, үміткерлердің жауынгерлік өнерлерін сынап, кастинг жүргізіп жатыр. Сонымен, сақ патшайымын кім сомдайды?

Іріктеудің бұл кезеңіне дейін Ақан Сатаев пен командасы елдің барлық түкпірін аралап шыққан. Театр актрисаларын, фильмге қатысуға ниет білдірген он мыңнан аса жанды сыннан өткізіпті. Түптеп келгенде, қосалқы және эпизодттық рөлдер үшін 200-ден аса, ал Тұмар патшайымды бейнелеуге лайық  20 аруды таңдап алған.

Ақан Сатев, режиссер:

– Кеше де, бүгін де келіп жатыр  Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Аружан Жазылбекова. Мен ол актрисалармен бұрын да жұмыс істегенмін. Бірақ, олар да пробадан өтіп жатыр. Жаңадан келген актрисаларды тауып бүкіл Қазақстан бойы іздедік.

Дегенмен, актерлық құрам әлі де нақтыланбаған. Сақ патшайымының туылғаннан кәрілікке дейінгі кезеңдерін бірнеше актриса сомдамақ. Ал, қатыгез Кирді бейнелейтін жанды шетелден шақырту жоспарда бар, - дейді Сатаев.

Еркебұлан Дайыров,  актер:

– Мен бұл жерде Хаман дейтін кейіпкерге бағымды сынап жатырмын. Жалпы, бұл кейіпкер өте батыр. Сол кездегі әрбір ер адамға тән ел үшін, жер үшін және өзінің патшасы үшін қылыш ұстай білетін ержүрек азаматтардың бірі. Томиристің әкесінің досы.

Бұрын соңды мұндай ежелгі туындылар «Қазақфильмде» таспаланбағандықтан, декорация мен костюмдер түгелдей жаңадан даярланбақ.

Ақан Сатев, режиссер:

– Көне түркі тілінде. Бірақ та, арасына қосамыз Иран, Үнді тілдерінің кейбір сөздерін қосуымыз мүмкін. Бірақ, соңында әрине кинотеатрлардан қазақ, орыс тілідеріне одноголосиемен дубляждап көрсетеміз.

 Картинаның компьютерлік графикасы голливудтық мамандар еншісінде. Ақан Сатаевтың жоспарынша, «Томирис» - халықаралық кинобайқаулар мен прокатқа шығатын дүние болмақ. Ол көрерменген 2018 жылдың желтоқсанында жол тартады.