Елдегі танымал сүрбойдақтардың бірі – Әнуар Нұрпейісов өзіне қалыңдық іздеп жүрген көрінеді. Өнер иесінің қояр талабы да жоқ емес. Сонымен, Әнуардың жары атану үшін қанша кітап оқу қажет? Бұл сауалдың жауабын тілшіміз біліп қайтқан болатын.
Елдің ортасында жүретін белсенді актер Әнуар Нұрпейісов, жоғарғы оқу орнының студенттерімен кездесу өткізіп, жетістікке жетудің жолдарымен бөлісті. Өнер иесінің сөзінше, ебін тапсаң табыстың кілтіне қол созу өте оңай..
Әнуар Нұрпейісов, актер:
-Ол біріншіден әрине армандау, екіншіден әрқашан өзі-өзі дамыту процессте болу керек, яғни оқу, үшіншіден спортпен шұғылдану, төртіншіден қаталесу. Өйткені қате жасау өйткені қате жасамасақ қалай дұрыс екенін біле алмаймыз. Және тағы басқа.
Орда бұзар жасқа келсе де отау құрмаған Әнуар, бүгінде өз қалыңдығын күтіп жүргенін жасырмады. Ұзақ іздестіруден де шаршаса керек, актердың болашақ жарына қояр бір ақ талабы бар.
Әнуар Нұрпейісов, актер:
-Талабым тек қана бір, өзімнің жанымды, жарымды көру. Өйткені оны сезу керек, сенің адамың ба. Әрине талап та жоғары шығар. Бірақ оны іштей бір сезу керек.
Сұлуларға кітап оқы деп кеңес беріп, басы дауға іліккен Әнуар, қалыңдығымның қанша кітапты тауысқаны маңызды емес деп таңқалтты.
Әнуар Нұрпейісов, актер:
-Кейбір адамдар қанша кітап оқыса да, қанша қателессе де ұғымды алмайды осы өмірде. Сондықтан мен үшін адамның жаны өз-өзін дамыту процессінде болу керек. Сол адам ғана менің үйленетін адамым бола алады деген сенімдедім.
Әрдайым ізденісте жүретін Әнуар мырзаға, шаңырақ көтеру миссиясында ғашығын тез жолықтыруына тілектеспіз.