Күні кеше Лас-Вегастың T-Mobile аренасына тартысты жұдырықтасқан Головкин мен Канело жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді. Бұл жолы Пинк, Джаред Лето, Диджей Халед сынды өнер жұлдыздары басты назарда. Барша музыкантты бір шаңырақ астына жинаған «iHeart Radio» фестиваліне, Майли Сайрус ерекше дайындалған көрінеді...
Әрдайым жарқын образдарымен көпшіліктің назарында жүретін Майли Сайрус қайта сөзге ілікті. Әнші бұл жолы «iHeart Radio» музыка фестивалінде өзінің іш киімін көрсетіп, қызыл кілеммен еш қымсынбастан жүріп өтті.
Атаулы шарада Хайди Клумның алтын түстес қысқа көйлегі де папарацци обьективіне ілінбей қоймады...
One Direction-дық Гарри Стайлз суретке түспесе де, қыздардан қалысар ойы жоқ. Британдық өнерпаздың сахнаға дайындаған образын бірі оң қабылдаса, енді бірі түсінбей жатты.
Киімге баса назар аудармаған Деми Ловато мен Пинк болса, фестивальде әсем әндерімен тыңдарман қауымның айызын қандырды. Сахнадағы Пинкке қарап, жуырда ғана ана атанды деп мүлде айта алмайсың...
Музыкалық фестивальде сондай-ақ, DJ Khaled пен , The Weeknd, Coldplay топтары келушілердің ыстық ықыласына бөленді. Еске салсақ, «iHeart Radio» шарасы 2011жылдан бері өткізіліп келеді. Фестивальдің мақсаты тыңдарман қауымға әсем әндер арқылы тамаша көңіл-күй сыйлау..