Бауыры туралы бар құпияны жұртшылыққа жайып салған Рано Умарова, өз басынан өткергенін де бүкпесіз баяндады. Ардақты ана, аяулы жар атану, әлде мансап қуу? Өнер жұлдыздары қалайша екі кеменің басын бірдей ұстамақ?
Тынымсыз еңбектеніп халық ілтипатына бөленіп жүрген сұлуларға отбасылы болу, сәтті мансап құруға кедергі келтіретіні рас. Алайда, актриса Айнұр Ілиясова ана атанып, үйде отырғанымның нәтижесінде «Бөпе Fair» фестивалін ұйымдастыру идеясы туды дейді.
Айнұр Ілиясова , актриса:
-Бір жерде отырып қалу, біраз қиын. Ал, бұл жерде адамдармен сөйлесең, адамдармен араласасың, кездесесің, бірдеңе ұйымдасытрасың. Мінекей, сағынған адамдарды жинап аласың.
Актриса бүгінде отбасылық өмірін бірінші орынға қойғандықтан, талай жобалардан бас тартқанын жасырмады.
Айнұр Ілиясова, актриса:
-Қазір сериялдарға шақырып жатыр, ол жерде таңертеңнен кешке дейін. Ол жерде бірақ мен өзім жоқ деп бас тартып жүрмін. Кішкентай баланы көп уақыт қалдырғым келмейді. Күйеуім оған қарсы емес.
Әнші Рано Омарова да өзінің жеке шешімімен, бірнеше ұсынысты қабылдамағанын айтып қалды. Оның сөзінше, күйеуі тарапынан қолдау да жоқ емес..
Рано Омарова, продюсер:
-Маған бірнеше картинада қосалқы рөлдерді сомдауға ұсыныс түсті. Алайда, киноға түсу көп уақытты талап ететіндіктен, бас тартуыма тура келді. Одан да баламның жанында көбірек уақыт өткізгенім дұрыс.
Алайда, Раноға жұбайы мүлде ән айтқызбайтын көрінеді.
Рано Омарова, продюсер:
-Ия, күйеуімнің рұқсат етпейтін дүниелері болады. Мысалы ол, менің ән айтуыма мүлдем қарсы..
Мансап әлде отбасы?! Өнер жолында жүрген қос ару үшін жанұя бірінші орында. Жақын жандар жанымызда болса, жемісті мансап өзі келеді дейді олар.
Айнұр Ілиясова, актриса:
-Отбасым бірінші орында...