Өткен уик-эндттерде кассалық жиынымен көш бастаған «Найнти уан» картинасы, «Тұлпар» кинобәйгесінің үміткерлері қатарына енбеген. Бәлкім келер жылы тізімге қосылып қалар... Отандық прокатта табысты болған, талай кинофестивальдердің жүлдесін қанжығасына қыстырған біраз қазақстандық фильмдер де номинанттар көшінен көрінбейді.
Үміткерлер тізіміне Ақан Сатаев, Рүстем Әбдірашов, Нұртас Адамбаев, Әнуар Райбаев сынды 5-6 ғана ғана режиссердің картиналары енген. Бұл нәтиже табысты туындылар таспалаған өзге мамандардың шамына тимей ме?!
Айман Мұсақожаева, Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы президенті:
– Құпия дауыс берумен Ұлттық киноакадемияның мүшелері бәрі дауыс береді. Сол дауыспен мынау 5-6 кино шықты.
Нәтижесінде, «Үздік режиссер», «Үздік» фильм сынды ең беделді бас-аяғы 5 мүсінше Ақан Сатаев пен оның «Районы» картинасын жасаушы командасының қанжығасына байланды. Криминалды драманың табыстылығына Сатаев мырзаның өзі әуел баста-ақ сенімді болған.
Ақан Сатаев, режиссер:
– Өз күшімізге сенеміз! Біріншіден әрине көрермендердің сүйіспеншілікпен қарсы алуы біздің киномызды.
Үздіктердің екінші сатысында Рүстем Әбдірашовтың «Алмас қылышы» тұр. Ұлттық киноакадемия «Ең үздік актер» таныған Қайрат Кемалов та, бүгінгі кешке Қарағандыдан арнайы келген. Алған мүсіншесі өзіне тым ыстық. Себебі, 30 жылдан астам тек театр сахнасында жүрген актер, алпысқа таяған шағында Керей хан бейнесімен киноөндіріске алғаш қадам басқанды.
Қайрат Кемалов, актер:
– Алғашқы бастаған бетте съемканы оны жасыратыны жоқ біраз қиналдым. Режиссерді де қинадым бір 10-15 күндей. Маған таныс емес дүниелер.
Кеште мәлім болған тағы бір сүйінші хабар: «Анаға апарар жолдың» Оскар үшін таласқа түсетіні. Оны Ұлттық киноакадемия мүшелері дауысқа салып таңдаған.
«Тұлпар» жүлдесінің қызыл кілем салтанаты жыл сайын киногерлер қауымы асығатын тосатын мереке болары хақ.