Ешқашан темір тұлпарға қызықпаған жігіттердің барына таңқалдым! Мәселен, Батырхан Маликов , яғни «91-лік» Alem көлік рөліне бұрын-соңды жоламаған! Мемберге «Қағаз кеме» телехикасының түсірілімі үшін арнайы жүргізушілер курсына баруға тура келіпті. Бәрін меңгеріп, автосын тізгіндеп көшеге шыққанда бірден полицейлердің құрығына іліккен.
Сценарийге сай көлікті құйындататын жүгенсіз жүргізушіні сомдауы қажет болғандықтан, Alem автомектепте біраз тәлім алған-ды. Дегенмен, рөлге аса құмартып тұрмағандықтан бірінші жолға шыққан күні–ақ қателікке бой береді.
Bala, «Ninety One» тобының мембері:
– Әл–Фарабидің бойымен сол съемканы түсіріп бастағаннан кейін МАИ ұстап алды. Олар штраф жазып берді.
Айыппұл – жауапкершілігін арттыра түскендей... Бүгінде, ол ең тәртіпті көлік жүргізушісі. Бұған қоса, актерлік шеберлігін де әжептеуір шыңдап алған.
Alem, «Ninety One» тобының мембері:
– Әркімге өзінің персонажын өзі толықтыру керек болды. Оның характерін, оның өмірбаянын, оның сөздерін. Сценарий берілгеннен кейін тағы да өзіміз үстінен құрастырып жаттық.
Әсіресе, Zaq пен A.Z-ге қиын тигені анық. Себебі, олар әуел баста телехикаяда бой көрсетпейтін болған. Кейін, қосымша кейіпкерлер ретінде сценарийге қосылып, образдарын ашуда оларға біраз еңбектенуге тура келді.
Zaq, «Ninety One» тобының мембері:
–Аяқ астынан ішіне кіріп кеткендіктен біздің екеуміздің рөлдер сценарийде әлі толықтырылмаған, жартылай жоқ десе де болады. Сондықтан, көбінесе екеумізге өзімізге бірдеңе қылу керек болды. Импровизация жасау керек болды. Соның 80-90%-ын сериалдың ішіне алып қалды.
Мемберлер сан-алуан эмоцияны бастан кешіруге тура келді дейді. Төбелесіп батылдық танытқан және көздеріне жас алып әлсіздіктерін де жасыра алмаған сәттері болған.
Zaq, «Ninety One» тобының мембері:
– Махаббат, драма, комедия, музыка, боевик! Ішінде бәрі бар негізінде. Кішігірім негізі кішігірім фэнтези ғой анау.
Иглздар «Қағаз кеме» телехикаясының тизерін тағатсыздана тосуда. Тұсауы кесілер күнге дейін әр минуттарды санаумен жүр! Сол сарыла күтуге татырлық дүние шығарына көптің күмәні жоқ.