Күллі ТМД өңірін күлкіге қарық қылған қылжақбастардың құпиясы. «Однажды в России» шоуының кейіпкерлері тапқыр әзілкеш атанудың сырын айтты. Бірақ, бір ғана сәтсіз қалжыңың қара басыңа мұң болуы да ықтимал. Тепе-теңдік деген не?
«Однажды в России» скетч-шоуы осымен үшінші жыл ТМД аймағына сапалы әзіл сыйлап келеді. Кейіпкерлері де шынайы өмірден алынған: бастықтар, дәрігерлер, құқық қорғаушылар мен ерлі-зайыптылар. Жиырма бірінші ғасырда сіз ұшыраған сан-қилы оқиғалардың қалжыңмен көмкерілген ізі осында жатыр.
Игорь Ласточкин, «Однажды в России» скетч-шоуының резиденті: Бұл жердегі баршы қызықты әзілдер - күні-түні еңбектенетін біздің авторлық шеберханамыздың өнімі. Көбінесе шынайы оқиғаларға пародия жасалады. Мұндай жағдайлар болуы әбден мүмкін.
Аталмыш жобада күлкілі рөлдерді жиі сомдайтын және шын өмірде де қалжыңға жиі ұшырайтын кейіпкер – Денис Дорохов! Әріптестері оны әзілкеш болуы үшін туған дейді.
Денис Дорохов, «Однажды в России» скетч-шоуының резиденті:
-Маған қатысты әзілдерге жақсы қараймын. Өз-өзіңе деген ирония да болуы тиіс меніңше. Әйтпесе, қалжың көтере алмай, жұдырыққа жүгініп, біреудің тұмсығын бұзардай қызбалығым да бар.
Қапы қалмай қалжыңдаудың да реті бар дейді әзілкештер. Басы артық қылжақтаймын теп таяқ жеуге де болады.
Игорь Ласточкин, «Однажды в России» скетч-шоуының резиденті:
-Әзілді тіпті ұқпайтындармен абайлау қажет. Мысалы, шекарадағы тексеруде «Тиым салынған заттар бар ма?! » деген сұраққа «Әрине, бар» дегің келеді. Тек, соңы қиын болуы мүмкін.
Сондықтан, жігіттер әрбір жан әзілдеудің тәсіліне төселіп, оны орнымен айтуы жөн деп санайды.
Александр Пташенчук, «Однажды в России» скетч-шоуының резиденті:
-Теле-шоудың бұл маусымында біз көптеген пародия жасадық. Ұнарына сенеміз!
Енді, әр жұма күні НТК арнасынан сағат 20:30-да, «Однажды в России» скетч-шоуын тамашалай аласыздар.