Заманауи Алматы! Әсем шаһардағы жаңа пайда болған арт-алаңның өзіне халықты лезде құмар етуінде қандай құпия бар?! 

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматыда 3D форматындағы графикалық кескіндер мен ерекше су бұрқақтар пайда болды. Шаһарда ашылған бұл жаяу жүргіншілер аллеясына жұрт бүгінде арадай қаумалайды дейді. Заманауи арт-алаңның тартымдылық құпиясын білмекке біздің тілшіміз де аттанған еді. 
 
Жаяу жүргіншілерге арналған Алматы! Дәл осы ұран аясында, тарихи тамыры тереңде жатқан шаһарда, жыл соңына дейін жаңадан 16 аллея ашылу жоспарланаған болатын. Көп күтпей-ақ, халықтың тілегі орындалып, бұл күндері тұрғындар әсем қаланың айтарлықтай өзгерістерін байқауда.

Алматының алтын шеңбері атанған мына аудан бүгінде заманауи жаңарудың аймағына айналған. Бұрын көліктер жөңкілетін Панфилов көшесі енді арт стиліндегі жүргіншілер аллеясы. Мұндағы субұрқақтар, балаларға арналған ойын алаңы және жайлы орындықтар кем-кетігі жоқ бүтін демалыс алаңы.   
-Бұл аллея жақсы бастама болды деп ойлаймын...
-Бұл аллеяның соғылуы жастарға...
-Бұл баяғыда жол болған...
-Ия өте әдемі көңілден шығып жатыр
-Отбасымызбен жаңа қалада жаңа аллеяда
-Осы алаң маған қатты ұнады

Тың өзгерістер әсем қалаға жаңа серпін сыйлағандай. Ашылғанына санаулы күн болса да, аллея шаһар халқының сүйікті орынына айналған. Лондон немесе  Париждегі атақты жаяу жүргіншілер аумағындай енді Алматының да әр туристке ұсынары бар.