Димаш десе ішкен асын жерге қоятын қытайлықтар енді оның әндерін мектеп қабырғасында жаттауға көшкен.
Аспан асты елі мектептерінің кішкентай оқушылары Димаштың “Ұмытылмас күн” атты композициясын үйреніп жатыр. Жерлесіміз бұл ақпаратпен өз инстаграм парақшасында бөлісті. Бұл әнді Құдайбергенов
I am a Singer жобасының 10-кезеңінде алғаш орындаған болатын.
Осылайша Димаш бар әлемге ортақ тіл - музыка тілі екенін тағы бір дәлелдеді.