Құсын қолына қондырған Никита Пресняковтың неке қию салтанатында Санжар Мәдиев пен Алтынай Сапарғалиева мейман болды.
Алла Пугачева немере келін түсірді! Примодонна әулетінің бұл салтанатты асыға тосқаны анық. Экс – күйеуі Филипп Киркоров та, сүйіктісі Максим Галкин де бұл күнде жанынан табылды. Кристина Орбакайте мен Владимир Пресняков тұңғыштарының қуанышына қазіргі жұбайларымен келген.
Нағыз отбасылық мерекеге Санжар Мәдиев жұбайы Мөлдірмен бірге шақырту алған. Актер Никита Пресняковтың байырғы досы! «Чайна голд» тобының мүшесі болған Алтынай Сапарғалиева да, Нью – Йорктен арнайы осы той үшін Мәскеуге келді.
Әншінің жүрегін жаулаған - 20 жастағы Алена Краснова! Никита Қазақстандық ару Аида Қалиевамен бір жола ат құйрығын үзіскен соң, 2014 жылы қазіргі сүйіктісімен көңіл жарастырғанды.
Криштиану Рональдуды күйеужігіт бейнесінде әзір көре қоймаспыз! Ол сүйіктісімен некесін қидырмай-ақ, бір шаңырақ астында тұра беруге дағдыланып қалған. Есесіне, аяқ доп шебері өзінің жеті перзенті боларына нық сенімді. Мақсатына жете білетін футболшы уақыт созуды да қаламайды!