Дана Нұржігіт тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасады

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәкен Майғазиевтің отбасылық үлгілі жолы – Дана Нұржігітке де жұғысты болсын! Тележүргізуші – сүйіктісі Мұратпен кеше Астана төрінде неке қию салтанаттарын атап өтті!

«Екі жағымда қос қанатым-азаматтарым... Мұрат пен Әлімтайым бар жерде мен бақыттымын. Құдайға мың да бір шүкір!» - деп жазады ақ келін атанған тележүргізуші. Шымкенттік бизнесменнің етегінен ұстаған Дана Нұржігіттің жанынан бұл маңызды күнде ең жақын жандары табылды.

Рүстем Нұржігіт «Ақ көйлек» әнімен әпкесін қонақтар алдына шығарды. Ауылдың алты ауызанан аналары да кенде емес ұқсайды.

Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Қымбат Досжан, Жайна Сламбек сынды әріптестері әрі құрбылары ақ тілектерін жаудырса, Майра Мұхамедқызы мен Маржан Арапбаева әуезді әндерін әуелетті.