«Плагиат» - шығармашылық дағдарыс салдарынан өнердің кез-келген саласында кездесетін құбылыс дер едім. Мәселен, «Планета обезьян: Война» фильмі бірнеше рет қайта таспаланған туындының жалғасы болып саналады. Алайда, соған қарамастан картина үш күннің ішінде-ақ АҚШ көрермендерінен 56 миллион доллар қаржы жинап, киногерлерді таңқалдырды.
Ал, елімізде «Өрмекші адам: қайта оралу» фильмі табысы жағынан рекорд орнатуда. Аталмыш туынды бір аптаның ішінде 467 миллион теңгені қанжығалаған. Кассалық жиын бойынша екінші орынға жайғасқан «Гадкий я-3» сиквелы болса, 249 миллион теңге жинаған. Отандық көрермен «Транформер: последний рыцарь» франшизасын тамашалау үшін соңғы аптада 30 миллионнан астам теңге қаржысын жұмсаған.
«Пираты карибского моря» фильмі болса, 23 миллион теңге жинап, мықтылар қатарынан әлі де қалысар емес. Оған қарағанда, кейінірек жарық көрсе де соңғы аптада 21 миллион теңгеге ие болған Тачки-3 сиквелы біршама әлжуаз көрінеді.