Сапалы музыканың тыңдарманы неге аз?! Бұл «Меццо» тобының жанын жегідей жеген сауалдардың бірі. Көпшілік осы ұжымның вокалдық қабілетінен мін таппағанымен, аталмыш төрттік әлі күнге дейін шағын аудитория алдындағы ән кештерін қанағат тұтуда.
Иә, сапалы музыка, жанды дауыс және кәсіби вокалистер! Ән әлеміне басы бүтін адал бойзбенд, бұл жолы тағы да шаһардағы шағын дәмханалардың бірінде концерт өткізді.
«Mezzo» тобы: -Біз өзіміз осылай студияда отырып, кішігірім концерттер бергенді жақсы көреміз. Келіп, осындай жерлерге өлең айтып. Халқы бұл жанрдың аз. Себебі бәріміз опера тыңдамаймыз. Сондықтан, аудиториясы аз!
Кроссовер – классика мен эстраданы тоғыстырған жанр. Бұл бағыт біздің елде кенже қалғанымен, аталмыш стильде ән салатын өнерпаздарға шет елдік тыңдармандар тік тұрып қол соғады. Ал, қазақстандық қараша сапалы музыкамен сусындауға келгенде аздап немқұрайлы, - дейді «Меццолық» музыканттар...
«Mezzo» тобы: -Насихаттау жолдарының бірі бұл отбасынан басталса деп ойлаймын. Себебі, айтады ғой адамды қандай музыка тыңдайтынын қарап баға беруге болады. Сондықтан кішкентай балаларына сауатты музыка үйретуге тырысу керек, мағынасы бар...
Концерттік бағдарламаға «Меццо» репертуарындағы авторлық әндер, шет елдік шығармалар және әлемдік хиттер топтастырылған. Ал, квартет 3 кезеңнен тұратын музыкалық кештің әр бөлімінде 40 минуттан жанды дауыста шырқады.
«Mezzo» тобы: -Қиындығы сол жанды дауыста болғандығында ғой. Өлеңнің көптігі емес сол жанды дауыста болғандықтан кішкене қиындау. Бір жағынан жанды дауыста айтып тұрып, сөзін ұмытып қаламын деп қорқып тұрасың. Дауысыңнан кезекті бір «петух» дейді ғой сол кетіп қалама деп қорқасың.