Әсем дауыс иегері - Адэми болса, дәулет қуып, табысын санайтын күйде емес. Себебі әнші, өзінің сыр берген денсаулығымен арпалысып әлек. Адэмидің жағдайы жақсарды ма? Италияндық өнерпазбен көпті күттірген дуэті қашан құрылмақ? Тілшіміз жауабын біледі...
Дарынды әнші Адэми үшін бұл жыл жемісті басталғандай еді. Өнер иесі ең әуелі бейнебаянын таспалап, кейін кино саласында да бағын сынады.
Алайда, көпшілік білмейтін, кенеттен келген сырқат әншінің әрі қарай шығармашылығын шыңдауына мүмкіндік бермеді.
Ademi, әнші: -Мен 2 ай бойы ауырдым. Әуеліде белгісіз бір вирустық инфекция болды. Емделмеуінің салдарынан ол асқазаныма, кейін ішегіме кетіп, анорексия дертіне шалдықтым. Қатты салмақ тастап, 45 келі болып қалдым. Тіпті, жүре алмай қалдым.
Денсаулығы қалыпқа келуі үшін, Адэмидің шет ел асып ем іздеуіне тура келген. Бүгінде, оның жағдайы жақсарып қалған. Сахнаны сағынған өнер иесі, ашық аспан астында өткен кеште, тыңдарманы үшін барын салды.
Адэми 2016 жылы «Новая волна» конкурсында италияндық өнерпаз Вальтер Риччимен ән салып, екеуінің дауыстары ғана емес, көңілдерінің де жарасқаны бар. Тіпті, қос жұлдыз бірігіп дуэт жазбақ ниетте еді.
Ademi, әнші: -Италияндық әншімен ортақ шешімге келе алмадық. Бір ән болғанымен, екеуіміздің қалауымыз екі түрлі. Біріміздің ұнтақанымызды екіншіміз ұнатпадық. Сондықтан, дуэт жазу мәселесі әлі белгісіз.
Ал, әншінің наурыз айында таспаланған бейнебаяны күні кеше дайын болған көрінеді. Бірақ өнерпаз туындысының тұсауын кесуге асығар емес.
Ademi, әнші: -Бейнебаянның көптен күткен монтаж жұмыстары да аяқталды. Алайда, оны күзге қарай көпшілік назарына ұсынғанды жөн көріп отырмын. Себебі, жазда көрермендер теледидар қарай бермейді.
Қос тілде шырқалған Адэмидің бұл туындысын тағатсыздана күтушілер бар.