Мақпал Исабекова инстаграм аккаунты арқылы жүрегінің иесін тапқанын жұртқа астарлап жеткізіп жүрген еді. Енді, «Шын сүйемін сені» әніне жаңа бейнебаян да таспалады! Мақпалдың тыңдармандары бұны жәй сәйкестікке баламайды. Анығын тілшіміз біліп көрді.
Расында, «Шын сүйемін сені» синглының мәтінін Ринат Заитов Мақпал Исабекованың жүрек түкпіріндегі толғаныстарға сүйеніп жазған.
Мақпал Исабекова, әнші: – Өмірімде болған үзінді айтып бердім оған. Түсіндім деді. Не жайлы болуы керек, қандай сезім білдіруі керек екенін, өзім ішімдегені айтып бердім. Ринат соған сүйеніп, ақын ретінде мәтін жазды.
Сылқым сезімінің отын маздатқан жанның барын бұған дейін де астарлап жеткізіп жүргетін.. Сағындым сені Бекишов, сүйемін сені Бекишов деген хэштегтерді инстгармдағы посттарынан жиі байқайтынбыз! Бұл құпия жан кім, Мақпал ханым?!
Мақпал Исабекова , әнші: – Без комментариев!
Есесіне, бейнабаян жарыққа шыққан үш сағаттың өзінде Қазнеттегілер Мақпал Исабекова мен Батыр Байназаровты жұп ретін де қосып үлгерді. Сомдаған махаббаттарына шын сенгендерін де айтып шуласты.
«Ринголық» серіге бейнебаянына түсуге Исабекова бикештің өзі қолқа салған.
Мақпал Исабекова, әнші: – Бұл менің жеке таңдауым! Болды одан артық ешнәрсе айтпаймын.
Бүккен сырдың астарында не тұр? Уақыт көрсетер! Бейнебаянда агрессия тым көп! «Тек, тәтті махаббатты ғана көруден жалыққан тыңдармандарға, шынайы эмоцияны бүкпесіз жеткізуді көздедім»- дейді, Исабекова. Тіпті, алған бетінен қайтаруға анасы да талпынған. Дегенмен, онсыз қоғамдық пікір туындата алмасын білгендіктен, түпкі мақсатын орындапты. Хейтерлердің түрлі соққысына сондықтан да дайын.
Мақпал Исабекова, әнші: – Көңіліме тиіп қалатын сөздер жазылады. Жылап алатын кездерім болады. Осы салада жүргеннен кейін, соның бірі қыры шығар. Оған да көндік. Бір жылдық үнсіздігін үзген бейнебаяннан соң, Мақпал енді ұсынар талай тосын сыйым даяр деп отыр.