Димаштың концерті деп Астанаға арнайы табан тіреген жұлдызды бомондты Қарақат Әбілдина шаңырағына шақырып, қонақ еткен-ді. Өнердегі үлкен буын мен өз үзеңгілестерінің басын қосып, ол жаңа туған нәрестесін ата салтымен қырқынан шығарды.
Аяланың тырнағы мен шашын алу мәртебесін, ырымдап Майра Мұхамедқызы мен құрбысы Гүлнұр Оразымбетоваға сеніп тапсырған. Өзге қонақтар ақ тілеген, шашуы мен түрлі сый-сияпатын һәм әдемі әнін тарту етті.