Ақбота Сейітмағамбет өзіне жазылатын жағымсыз пікірлерден шаршаса керек... Әнші, соңғы жазбасының бірінде жеке басына тіл тигізгендердің жазасын енді заң аясында беретінін жеткізді. Ашулы ақ келін, шынымен сотқа шағымданбақ па? Серікқазы Аязбаев біліп көрді!
«Құрметті оқырмандар және менің жеке өміріме араласуға құқығым бар деп санайтын жандар! Бұдан былай маған жазылған әрбір жағымсыз пікірді скриншотқа түсіріп алатынымды ресми түрде мәлімдеймін».
Бүгінде инста парақшасында 412 мыңға жуық оқырманы бар Сейітмағамбетованың соңғы жазбаларының біріндегі өткір мәтін осы. Өйткені, өнер иесінің жеке басына тіл тигізіп, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан фолловерлері жанына тыныштық таптырмаған. Әсіресе, әнші ана атанғаннан кейін бұл жағдай үдей түскен. Ақботаның директоры әрі пиар-менеджері де мұны растап отыр.
Даяна Демесінова, А. Сейітмағамбеттің PR-менеджері: -Барлық адамдар шындықты білмейді деп айтса да болады. Ботаның өзін білмейді және жағымсыз сөздер жазады. Бүкіл жағдайдың қалай болғанын білмейді. Басында көндік. Бірақ әрі қарай Бота да адам, Ботаның да жүрегі бар...
Жас ана желіде жазылған әр пікірге жауап беруге құлықсыз әрі уақыты тапшы. Ақбота енді жеке басын балағаттаған оқырмандарымен заң жүзінде күресуге бел буған. Айыптының жазасына - сот төреші!
Даяна Демесинова, А. Сейітмағамбеттің PR-менеджері: -Бізге өзі көмектесем деп бір адамдар шықты инстаграм желісінде, органдардан. Егер дәлел болса, мұның бәрін шешуге болады деп айтты. Біз әрине де бүкіл «скриндарды» сақтаймыз. 131-ші статьяны оқып шықтым. Әлеуметтік желі де ешкімнің құқығы жоқ адамдарға жағымсыз пікір жазуға.
Кешьюден кеткелі жұрт назарын жеке өміріндегі жаңалықтарымен елеңдеткен жас ананың декреттік демалысы ұзаққа созылмайтын сынды. Бүгінде Ақбота өнер жолындағы жоспарларын құрып, жақында жаңа әндерімен қуантпақ!
Даяна Демесінова, А. Сейітмағамбеттің PR-менеджері: - Қазір Бота үйде баласымен. Білесіздер дүниеге келді Ибраһим! Бір 2-3 айдан кейін бұйырса шығады. Бізде ән дайындалуда творчествоға. Қазір ән жазылуда. Және де басқа да ақындар почтамызға өлеңдер жіберіп жатыр