Әлемдегі ең тартымды бикеш кім?! Максим журналы 2017 жылдың ең сексуалды 100 әйелінің есімін атады.
Максим басылымы да, әр саланың үздіктерін бір жерге тоғыстырып, оларды өздігінше марапаттау рәсімін өткізді. Оқырмандарын бикештердің ашық-шашық фотосуреттермен қуантатын журнал, осы жылдың ең сексуалды 100 әйелінің есімін атаған еді.
2017 жылдың ең тартымды әйелі атағын модель Хейли Болдуин иеленген. Одан өзге, ерекше тізімде әпкелі-сіңілілі Кендал мен Кайли Дженнер, Белла мен Джиджи Хадид те төбе көрсеткен. Сексуалды 100 әйелдің ішінде кино, спорт, музыка сынды әр саланың сұлу сылқымдары да бар. Бұл тізімде кәсібін дөңгелетіп жүрген бикешті де байқап қалсаңыз, таңқалмаңыз. Себебі, ең сексуалды атану үшін міндетті түрде модель болу маңызды емес. Ең бастысы, тартымды болып, өз сұлулығын бүкіл әлемге батыл түрде көрсете білу.