Лос-Анджелесте қара нәсілді жұлдыздар арасында болатын BET AWARDS сыйлығының марапаттау рәсімі өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай жүлдені еншілеген шетелдік өнер иелерінің өзгелердің жағымсыз пікірлеріне деген иммунитеті мықты-ақ. Лос-Анджелесте қара нәсілді жұлдыздар арасында болатын BET AWARDS сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. Музыкант, спортшы, актерлер арасында кімнің үздік атанғаны туралы келесі сюжетте.

Кино, музыка және спорт саласының әлемдік жұлдыздары толағай табыстарын тойлау үшін Лос-Анджелестегі Майкрасофт театрына жиналды.

Жыл сайын дәстүрге айналған Bet Awards марапатының басты ерекшелігі, жүлдені тек қара нәсілді өнер иелеріне ғана табыстау. Биыл бұл сыйлық 22 аталым бойынша берілді.

Марапатқа үміткерлер арасында талайды өз даусымен таңқалдырған Бейонс 7 аталым бойынша бақ сынап, рекорд орнатты. Әнші, осылайша өзінің жан-жақты тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдей алғандай.

Америкалық музыкант, әндердің авторы, продюсер Бруно Марс 5 аталым бойынша жүлдеге таласып, қайтсе де Бейонседен қалмауға бел буған. Өнер иелерінің екеуі де «Жылдың ең үздік альбомы» марапатынан үміткер болды.

Алайда, «Жылдың ең үздік альбомы» Ноулз ханымға бұйырды. Одан өзге, әнші - көрермендер таңдауы, ең үздік режиссура, ең үздік R&B және поп-әйел орындаушысы деген атақтарды да еншіледі.

Ал, Бруно Марс бес аталымдық аламанда тек «ең үздік R&B және поп орындаушы» жүлдесін қанағат тұтты.

Қара нәсілділер арасында үздік актер болып танылғандар - Тараджи Хенсон мен Махершала Али. Өнер жұлдызыдарынан өзге, теннисші Серена Уильямс пен баскетболшы Стефен Кари жылдың ең үзді спортшылары атанды.