WBA тұжырымы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпиондық белбеуінен айырды. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының жаңарған рейтингінде бұл атақ енді Юниер Дортикосқа тиесілі. Шүменов- Дортикос осы жылдың сәуір айында жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда, отандасымыз дайындық барысында көзінен жарақат алып, қос қарсыластың кездесуі кейінге шегерілген еді. Бокс мамандары енді Шүменов кәсіпқой мансабын аяқтауы да ықтимал деп болжауда.
WBA тұжырымы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпиондық белбеуінен айырды
19.06.2017