«Көзден кетсе, көңілден де кетеді...» Шоу-бизнес өкілдері шығармашылықты тастап, көк жәшіктен көрінбесе өз ортасынан алшақтайтыны ақиқат екен. Бұл сөзді Зарина Омарова растады. Он жыл уақытын жанұясына арнаған әнші бүгінде өнердегі әріптестерінсіз өгейдің күйін кешіп жүрсе керек.
Иә, бастапқыда бәрі тамаша еді! Құшақ-құшақ гүл, ет-жақындарының ақ тілегі! Алайда, қуаныш иесінің қонақтарға жайылған ақ дастарханында өнердегі бірде-бір әріптесі бой көрсетпеді.
Соңғы он жылын бала тәрбиесіне арнаған Зарина, шығармашылықты қайта бастаудың оңайға соқпағанын жасырмайды. Әнші сахнаға оралғанда оны санаулы ғана құрбылары құшақ жая қарсы алған...
Зарина Омарова, әнші: -Мәдина, Дильназ... Адам өзгереді ғой енді жыл өте, басқа өте. Әрине қиын, оңай емес! Негізі қайтадан сахнаға шығу оңай емес. Енді оның бәріне адамның өзінің күш-қуаты керек.
Зарина шоу-бизнес көшіне ілесу қажеттігін жақсы ұғады. Өнер бәйгесінде өгейдің күйін кешкен әнші, өзін жатырқай бастаған әріптестерін түсіне алмауда!
Зарина Омарова, әнші: -Енді қазіргі уақытта ешкім еш нәрсені көрсете бермейді негізі. Не болса да адамның ішінде ғой бәрі. Бірақ, енді бәрі күліп, сөйтіп қарайды. Мен өзімде білмеймін, қалай мен өз-өзімді ұстайтынымды. Олардың орынында болғанымда…
Әріптестеріне деген өкпе-назы болса да, Заринаның бұл кешті көңілсіз өткізуге хақысы жоқ! Өйткені, дәл осы күні бұл отбасылық одаққа 10 жыл толды.
Зарина Омарова, әнші: -Он жыл бұрын бір летний площадка десекте болады. Кездейсоқ бір танысу болды. Мен ойлаған жоқпын, ол ойлаған жоқ! Бірақ, сол танысу осындай бір жақсылыққа алып келді.