«Yuframe» – Малайзияда, Жұлдыз Өмірғали – Түркияда, әріптесім – Тәуекел Мальдивы аралдарында! Жұлдыздар демалысын қалай өткізуде?
Трагедиясына сағы сынбай, керісінше өмірге құштарлығы артқан Дима Кима бүгінде Калифорнияда, Тынық мұхит жағалауында көңіл көтеріп жүр. Жаз басталды деп, жол дорбасын арқалап теңізге Бүркіт пен Аиша, Жұлдыз Өмірғали, Айнұр Ілиясовалар да аттанып кетті. Өзге бомондтың сенбісі мен жексенбісі қайда өтті?
Мәдина Сәдуақасова мен жары Олжас Смағұлов үшін бұл демалыс күндері қарбаласты болғаны анық! Жұбайлар ұлдары Әнуардың 3 жасқа толған туған күнін атап өтті!
Зейіні мен Омарын, сүйікті жары – Аишасын ертіп, Бүркіт теңіз жағалауына аттанды! Жиі саяхаттайтын сері бұл жолы өзі табан тіреген аймақтың геолокациясын жасырын ұстауға бекінген.
Баламен жол жүруге Айнұр Ілиясова да жүрексінбеген! Перзенті, күйеуі және актриса ару үшеуі – Түркияда күнге қыздырынып жатыр.
Қара теңіз жағалауындағы суреттерін Жұлдыз Өмірғали да ұдайы жариялап жүр! Сылқым Анталияға салт басты аттанған сынды.
Айқыннның әлеуметтік желіге жүктеген суреттеріне сенсек, ол ән сапарлатып жүр! «EXPO» аясында өтетін концертіне қызу дайындық жүргізіп, студияға да жиі бас сұғатын болған.
Таяуда ғана сүр бойдақтар сапын азайтқан серінің бірі – Шоқан Маратұлы жұбайы – Анель Баталовамен бал айына аттанды!
Шоқан Маратұлы, әнші: -Еуропаға Карловы Варыға әрі қарай Испанияға, сосын Түркияға саяхаттаймыз! Бал айымыз бір айға жалғасатын болады.
Мальдивы аралдарының ғажап табиғатына тамсанып қайтуға Тәуекел Мүсілім де уақыт тапты. Ол саяхатқа достары – Артур Төлепов, Олжас Дәуленов, Бауыржан Сатов пен қырғыз інісі Азамат Ұлановпен бірге аттанған.