Отандық суретшілер өз туындыларын тың тәсілде танытпақ. Қылқалам шеберлерінің картиналары бейнеленген табақтан ас ішуге қалай қарайсыз? Өнер иелерінің тапқыр идеялары жайында тілшіміз баяндайды.
«Артмекен» жобасын ұйымдастырушылар замануи қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысу үшін, арнайы көрмеге барудың қажеті жоқ дейді. Сәуле Сүлейменова бастаған бір топ суретші жеңіл жейделер мен ыдыс-аяқты картиналарымен безендіру арқылы өз өнерлерін насихаттамақ.
Раушан Аспандиярова - суретші: «Жаз маусымы келді. Бұл дегеніміз адамдардың нағыз жеңіл жейді киетін кезеңі. Менің ойымша жаман шықпаған сияқты. Жеңіл жейде және картиналар, екеуі жақсы үйлесім тауып отыр.»
Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша танымалдыққа жету жолында бағы ашылмай жүрген жүйріктер жетерлік. Бірі әлеуметтік желі арқылы, енді бірі түрлі перфоманстар арқылы еркешеленуге тырысады. Алайда, осындай жандар арасында дәл бұлай алжапқышқа суреттерін бейнелегендері некен-саяқ секілді.
Досым Сатпаев – саясаттанушы: «Бұл жобаның бастамашысы суретшілер болғандықтан, шынында да қызықты болады деген ойдамын. Өкінішке қарай, бүгінде классиктерді барлығы біледі, ал замануи суретшілерді көпшілік танымайды. Демек, қазақстандық суретшілерді танытудың тағы бір жолы.»
«Картиналар бейнеленген» табақтан ас ішіп, қылқалам шеберлерінің «туындылары салынған» жеңіл жейде киюге көпшілік қалай қарайды? Қазақстандықтар бейнелеу өнері мен күнделікті өмірді тоғыстыруға дайын ба?» “Суретке өзім аса жақындамағанды жөн көрем. Жай ғана ақ түсті ма ақ, қара түсті ма қара, көңіліме қонғанына қарай кием.» «Көшеде тек қыдырыс үшін өзіміздің суретімізді жабыстырып, немесе бір суретшінің суретін жабыстыру - ондай болмайды.»
Әлемдік бейнелеу өнерінде дұрыс дәріптелмеген дарындар қатарын толықтырмас үшін, жас қазақ суртешілерінің мұндай заманауи идеяларға иек артуы қуантады.