Қазақстандық фэшн өндіріс жас болса да, сән тарихын қалыптастырып үлгерді
09.06.2017
Қазақстандық фэшн өндіріс жас болса да, сән тарихын қалыптастырып үлгерді. MBFW көктем – жаз маусымының көрсетілімдері арнайы «Экспо» қарсаңына орайластырды. Милан, Франция, Ресей, Украиналық брендтер елордалық талғампаз арулар үшін қызмет етуге асық!
«Бас қаладағы биылғы сән апталығына деген қызығушылық басым» - дейді, MBFW негізін қалаушы Жанель Бертаева. Жаһандық фэшн өндірістің өкілдері, стрит стайл фотографтар мен атағынан ат үркетін сәнбикелер де осында. Көрсетілімді «Экспо» аясында өткізу, халықарылық сән журналдарының редакторларының да қызығушылығын оятқан.
MBFW шымылдығын отандық ANSARI бренді түрді. Дизайнердің мұндай ауқымдағы подиумға тұңғыш шығуы. Сәнқойлар сөзіне сенсек, дебют деңгейі бұл фэшн-тойға лайықты болыпты. Aiken сән үйі тек нәзік жандылардың ғана емес, ерлердің де қамын күйттеп топтама жасаған. Kiik әдеттегінше күнделікті киюге қолайлы, қолжетімді дүниелерді ұсынды. Украиналық WeAnnaBe бренді саяхаттауға шақыратын, әлемді шарлауға шабыт оятатын круиздік топтамасын таныстырған.